Қайтару
Қайтару «Respect» желісінің кез келген бөлшек сауда дүкенінде жүзеге асырылады. Тауарды қайтару рәсімі келесі құжаттар болуын көздейді:
- жеке куәлік;
- қайтарылатын тауарларға фискалдық чек;
- сатып алушының тауарды қайтаруға жазған өтініші қайтаруға негіз болып табылады.
Төлем картасымен төленген тапсырысты курьердің POS-терминалы арқылы қайтару үшін сізде келесі құжаттар болу керек:
- жеке куәлік;
- қайтарылатын тауарларға фискалдық чек;
- сатып алушының тауарды қайтаруға жазған өтініші қайтаруға негіз болып табылады.
Қайтару төлем жасаған картаға POS-терминал арқылы жүзеге асырылады.
«Respect» желісінің дүкендері жоқ елді мекендерде үстеме төлемсіз қарапайым сәлемдеме арқылы жіберу қажет. Қайтару кезінде алушының мекен-жайы: A12A2A8/ 050062 Алматы қ., 1 ш-а, Қабдолов к-сі, 16, 1 корпус, NGDEM бизнес-орталығы, 2 қабат, 201 кеңсе, «Respect Retail Group» ЖШС
Назар аударыңыз! Тауардың бүлінбеген қаптамасы, тауарлық түрi, тұтынушылық қасиеттерi, зат таңбалары сақталған болуы қажет, сыртқы және ішкі зақымдануы болмауы тиіс.
Егер сіз тапсырысты Дүкеннен алып кету арқылы сатып алсаңыз, онда тауарды сол таңдалған дүкенге ғана қайтара аласыз. Тауар қайтаруға немесе айырбастауға жатпайды, егер:
- қайтару мерзімі 14 күннен асып кетсе
- тауар толық емес болса: тауар жеткізілген қаптаманың болмауы, жапсырмалары, пломбалары және т. б. болмауы
- егер тауарлар пайдаланылған болса
- толтырылған "Тауарды қайтаруға өтініш", сатып алу чегі болмаған кезде.
- іш киім;
- шұлық бұйымдары;
- аэрозоль қаптамадағы тауарлар.
Егер сіз тауардың кемшіліктерін тапсаңыз, оны ауыстыруды талап ете аласыз. Сатушы өнімді бірден немесе қосымша сапаны тексеру қажет болса, 30 күн ішінде ауыстыруға міндетті. Тауар пайдаланылмаған жаңа ұқсас өнімге ауыстырылады. Егер қажетті тауар қоймада болмаса, ауыстыру өтінім берілген сәттен бастап 10 күн ішінде жүзеге асуы тиіс. Сараптаманы сатушы төлейді. Алайда, егер кемшіліктер табылмаса немесе олар сіздің кінәңізден туындаса, тауарды тексеру және тасымалдау шығындарын сатып алушы өтейді.